• RUB:
    5.04
  • USD:
    490.84
  • EUR:
    536.88
Басты сайтқа өту
15 Наурыз, 2018

Қазақстандық 300 талапкер СДУ гранты мен жеңілдіктеріне ие болды  

278 рет
көрсетілді

Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 300 талапкер алдағы төрт жылға жарамды 100%  гранттар мен жеңілдіктерге ие болды.  Сулейман Демирел университеті SPT-2018 республикалық зияткерлік олимпиадасын қорытындылады.

Олимпиада шарты бойынша қатысушылар жалпы білім деңгейін анықтау мақсатында алты кластерлік бағыттар: Физика, География, Химия-Биология, Ағылшын тілі, Әдебиет, Тарих пәндері бойынша бақ сынады. Әр кластерде қатысушылар үш пән бойынша тест тапсырды. Барлық гранттар мен жеңілдіктер қатал түрде тек таңдаған бағыт бойынша теңдей бөлінді.

Сонымен, алғашқы орындар мен 4 жылға арналған 100% гранттар 6 бағыт бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен қатысқан жеңімпаздарға бұйырды. Айта кеткен жөн грант иегерлері ұлттық бірыңғай тестілеуден босатылмайды, алайда жоғары оқу орнына қабылдану үшін оларға тек 50 ұпай жарамды. 

«Жобаның басты мақсаты – Елбасының адами капиталды жаңғыртуға бағытталған халыққа жолдауын жүзеге асыруға негізделген. Сонымен қатар талапкерлерге емтихан алдында болашақ мамандығын таңдап,білім деңгейі мен қабілетін тексеруге қолдау көрсету. Жазғы мезгілде емтиханан соң талапкерлердің басым көпшілігін мамандықты дұрыс таңдау мәселесі алаңдатады. Жобаға қатысу арқылы түлектер алдын ала таңдау жасап, өзіне қажетті 6 кластерлік бағыт бойынша мүмкіндігін сынап, дұрыс шешім қабылдауға дайын болады. Олимпиаданың тағы бір ерекшелігі – балаларға ұлттық бірыңғай тестілеу алдында психологиялық көмек беруінде»,- дейді жобаның ұйымдастырушылары.

Еске сала кетейік, республикалық SPT олимпиадасы 2018 жылдың 4-наурызында тестілеу форматында еліміздің 19 ірі қаласы мен шалғай аудандарында бір мезгілде  өтті.  Іс-шараға республика бойынша 12 мыңнан аса талапкер қатысты.